пословицы про мам на казахском

пословицы про мам на казахском

13-09-2019 21:38 Просмотры: 2
Ответы (1)
Василика Абдусамадова
+10
2019-09-14 01:45:31

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.  Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді. Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.  Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады. Алып анадан туады,  Ат биеден туады. Ана алақанының аясы,  Ақ шынардың саясы. Ана алдында құрмет,  Ата алдында қызмет. Анаға баланың алалығы жоқ.  Аналы баланың өзі тоқ,  Анасыз баланың көзі тоқ. "Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.  Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім". Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.  Ананың басқан жерінде пейіш бар.  Ананың ойы ұяда,  Баланың ойы қияда. Ананың сүйген жері  отқа күймейді, оқ та тимейді. Ананың сүті — бал,  Баланың тілі — бал. Ананың ізін қыз басар,  Атаның ізін ұл басар. Анаңа ауыр сөз айтпа,  Атыңа ауыр жүк артпа. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да  қарызынан құтыла алмайсың.  Ана сүті бой өсіреді,  Ата тілі ой өсіреді.